30.12.2021, 18:00
Оқылды: 64

Павлодар облысында мешіттегі садақа жәшігінен ақша ұрлаған күдікті ұсталды

Павлодар облысында мешіттегі садақа жәшігінен ақша ұрлап кеткен күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

20

Полиция мәліметінше, Павлодар облысындағы Шарбақты аудандық Полиция басқармасының кезекші бөліміне мешіттегі садақа жәшігінен ақша ұрланғаны туралы арыз түскен.

"Дереке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 187-бабы1-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді. Ол жерде криминалист саусақ іздерін анықтады. Мәлімет автоматтандырылған іздеу жүйесіне енгізіліп, онда сәйкестік табылды. Саусақ іздері 47 жастағы ауыл тұрғынына тиесілі екені белгілі болды", - делінген сайтта.

Күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале