3.01.2022, 17:10
Оқылды: 42

Алдағы үш күнде елімізде ауа райы қандай болады

Синоптиктер 4-6 қаңтар аралығындағы ауа райына болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме ажсап.

210106124725684a3737705i

«4 қаңтардан бастап жылу мен ылғалдың үлкен қоры бар циклондар сериясы еліміздің көп бөлігіндегі ауа райына әсер етеді. Жауын-шашын, негізінен қар жауып, жел күшейеді, сондай-ақ ауа температурасы жоғарылайды. Алайда, кейін оны суық батыс антициклоны алмастырады. Жауын-шашын тыйылып, ауа температурасы айтарлықтай төмендейді. Алдымен батыста, содан кейін шығыс бағытта және елдің қалған бөлігінде осылай жалғасады. Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында түнде 20-25, кей жерлерде 30 градус аяз болжанады», делінген хабарламада.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале