11.01.2022, 10:18
Оқылды: 61

Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Премьер-Министрі лауазымына кандидатура талқыланып жатыр

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Премьер-Министр лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасы талқыланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.220111111208339e«Бүгін Мәжілістің жалпы отырысына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қатысып отыр. Сонымен қатар Президент Әкімшілігінің басшылығы, Республика Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының міндетін атқарушылар, облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалаларының әкімдері қатысып отыр. Конституциямыздың 44-бабының үшінші тармақшасына сәйкес, Мемлекет басшысы Премьер-Министрдің кандидатурасы бойынша Мәжілістегі саяси партиялық фракциялармен консультация өткізді. Енді Президент Премьер-Министрді тағайындауға палатаның келісімін алуы үшін тиісті ұсыныс Мәжіліске енгізілді», - деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин. Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Премьер-Министрң лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасын ұсынды.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале