Өздеріңізге белгілі ағымдағы жылғы 3 қаңтар күні еліміздің бірқатар өңірлерінде соңы жаппай тәртіпсіздікке, вандализмге және тонауға ұласқан бейбіт шерулер өткен болатын.
Бірқатар мемлекеттік басқару, тіршілікпен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау, сауда-саттық, тамақтану және банктік қызмет көрсету орындары, сондай-ақ құқық қорғау органдарының, денсаулық сақтау, өртке қарсы қызметінің арнайы автокөліктеріне және қарапайым азаматтардың мүліктеріне тастар, арматуралар, таяқтар, жандырғыш қоспаларын қолдана отырып, шабуылға әкеліп соқтырды. Инфрақұрылымдарға айтарлықтай материалдық шығын келтірілді.
Медициналық мекемелерге зардап шеккендерді жеткізуге кедергі келтіргендер де болды. Бұзақылардың аяусыз әрекеттерінен халықтың денсаулығын сақтап жүрген медицина қызметкерлері және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген, құқық қорғаушылар, сондай-ақ қарапайым тұрғындар зардап шекті.
317 полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жарақат алып, оның 8-і қаза тапты.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Республика, оның ішінде Батыс Қазақстан облысы бойынша ағымдағы жылғы 5 қаңтардан бастап 20 қаңтарға дейінгі кезеңде төтенше жағдайлар енгізу туралы жарлыққа қол қойды. «Төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес біздің өңірде комендатура құрылды.
Төтенше жағдайлар кезеңінде коменданттың міндеттері маған жүктелді.
Жоғарыда аталған уақыт аралығында мынадай шаралар мен уақытша шектеулер енгізілді:
1) қоғамдық тәртіптің сақталуы, аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық объектілердің, сондай-ақ халықтың тыныс-тіршілігін және көлік қызметінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін объектілердің күзетілуі күшейтілді;
2) Батыс Қазақстан облысында жүріп тұру, оның ішінде көлік құралдары қозғалысының еркіндігіне шектеулер белгіленді;
3) жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру, оларды жеке тексеру, олардың заттарын, көлік құралдарын тексеру қамтамасыз етіледі;
4) Батыс Қазақстан облысына кіру, сондай-ақ одан шығу шектеледі;
5) бейбіт жиналыстарды, ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынды;
6) ереуілдерге және заңды тұлғалардың қызметін тоқтата тұрудың немесе тоқтатудың өзге де әдістеріне тыйым салынды;
7) қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар, арнаулы құралдар, улы заттар сатуға тыйым салынады, дәрі-дәрмектің, есірткі заттардың, психотроптық заттардың, прекурсорлардың, сондай-ақ этил спиртінің, алкоголь өнімдерінің айналымына ерекше режим белгіленеді;
8) жеке тұлғалардан қару мен оқ-дәріні, улы заттарды уақытша алып қою, ал заңды тұлғалардан қаруға, оқ-дәріге және улы заттарға қоса әскери және жауынгерлік оқу техникасын, жарылғыш және радиоактивті заттарды уақытша алып қою қамтамасыз етіледі.
Сонымен қатар, зорлық-зомбылық белгілері бар қақтығыстар туындаған кезде уәкілетті органдар төтенше жағдайлар режимін қамтамасыз ету үшін «Төтенше жағдайлар туралы» және «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес арнайы құралдарды, қаруларды, жауынгерлік және басқа да техникаларды қолдануы мүмкін екендігін ерекше атап өткім келеді.
Құрметті жерлестер!
Қазіргі уақытта зорлық-зомбылықтың өршіуіне жол бермеу мақсатында құқық қорғау органдары барлық қажетті шараларды қабылдауда.
Бүгінгі таңда заңды бұзған және жаппай тәртіпсіздікке қатысқан арандатушылардың бірқатары қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылуда.
Осыған орай тұрғындарды арандатушылыққа ермеуге шақырамын, заңсыз әрекеттер үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік бар екендігін естеріңізге саламын.
БҚО ПД баспасөз қызметі