11.01.2022, 11:09
Оқылды: 37

Мемлекет басшысы жанар-жағармай бағасына қатысты пікір білдірді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жанар-жағармай бағасын реттеуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

220111120810a3883856d

«Жылдан жылға біздің азаматтарымыз бен кәсіпкерлеріміз жанар-жағармай өндіру және оны бөліп тарату жүйесінің ашық болмауынан зардап шегіп келеді. Тіпті, жанар-жағармай бағасын жарты жыл бойы қолдан реттеуге мәжбүр болып отырмыз. Осы кезеңде Бас прокуратура Бәсекелестікті қорғау және даму агенттігімен, сондай-ақ Энергетика министрлігімен бірлесіп, осы саладағы жұмыстарды ретке келтіруге, оны реформалау үшін кешенді ұсыныстар әзірлеуге тиіс. Егер бұл жұмыс бір жолға қойылмаса, жанар-жағармай бағасын реттеу жүйесі сақталады», - деді Мемлекет басшысы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Президент мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың сатып алуы саласында картельді келісімдер жасасу кеңінен тарап кеткенін айтты.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале