11.01.2022, 11:50
Оқылды: 30

Құқық қорғау жүйесін реформалауға шұғыл түзетулер енгізу қажет – Президент

Жаппай террористік шабуылдарға қарсы тұруға дайын болуымыз керек. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

16

ҚР Президенті ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің барлық жүйесін түбегейлі қайта құру керектігін баса айтты.

«Біріншіден, құқық қорғау жүйесін реформалауға шұғыл түзетулер енгізу қажет. Біз полицияның сервистік моделін құру және қылмыстық процесті жаңғырту ісінде біршама ілгеріледік. Бірақ, жаппай террористік шабуылдарға қарсы тұруға дайын болуымыз керек. Күштік құрылымдардың қолбасшылары жаңа жауынгерлік дағдыларды шыңдауға, қорғаныс пен шабуылдаудың тиімді құрал-жабдықтармен жабдықтауға шұғыл кірісуі тиіс», - деді Мәжіліс отырысына бейнебайланыс арқылы қатысқан Қазақстан Президенті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале