13.01.2022, 9:30
Оқылды: 38

Мәулен Әшімбаев сенаторларды Жаңа Қазақстан идеясын іске асыруға белсенді атсалысуға шақырды

ҚР Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев әріптестерін Жаңа Қазақстан идеясын іске асыруға белсенді атсалысуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

8

«Мемлекет басшысы еліміздің саяси жүйесін одан әрі демократияландыру қажеттігіне баса мән берді. Жалпы Президентіміз ұсынған шаралар жүйелі сипатқа ие. Олар мемлекеттік басқару жүйесін, экономиканың құрылымын, әлеуметтік саланы кешенді өзгертуге арналған. Сонымен қатар азаматтарымыздың өмір сүру сапасын арттыруды көздейді. Осылайша еліміз дамудың жаңа кезеңіне аяқ басып отыр. Бұл тұтас мемлекеттік басқару жүйесін меритократия, әділеттілік және ашықтық қағидаларының негізінде қайта құру кезеңі», -деді Сенат төрағасы.

Оның айтуынша, осы жолда Парламент Сенаты Мемлекет басшысының барлық бастамасын қолдай отырып, оларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету үшін қажетті жұмыстарды сапалы әрі уақтылы жүзеге асыруға тиіс.

«Құрметті депутаттар! Алдымызда ауқымды міндеттер тұр. Қазір халық бізден нақты жұмыс пен нәтиже күтіп отыр. Сондықтан елдің сенімі мен үмітін ақтау үшін аянбай еңбек етейік. Осы жолда бәріміз белсенділік танытып, Президентіміз айтқандай Жаңа Қазақстанды бірге құрайық», - деді Мәулен Әшімбаев Сенаттың отырысында.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале