14.01.2022, 9:10
Оқылды: 75

Эпидахуалды бағалау матрицасы: «қызыл» аймаққа тағы 3 облыс кірді

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 2022 жылғы 14 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе Ақмола, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстары.

«Сары» аймақта: Алматы, Жамбыл, Қостанай облыстары.

«Жасыл» аймақта: Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.

Айта кетейік, «қызыл» аймаққа кірген Ақмола мен Павлодар және Батыс Қазақстан облыстары кеше 13 қаңтарда «сары» аймақта тұрған болатын.

Ал кеше «жасыл» аймақта тұрған Алматы мен Жамбыл облыстары «сары» аймаққа кірді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале