18.01.2022, 11:00
Оқылды: 67

Қардан мешіт соққан "ерекше сәулетші"

Әлеуметтік желідегі көпшілік кешелі бері қардан мешіт жасаған Нәдір есімді батысқазақстандық жігіттің өнеріне таңданыстарын білдіріп, жылы пікір айтуда. Ал ел арасында "Ақ мешіт" атанып кеткен Орал қаласындағы облыстың орталық мешітінің үйдей макетін кәдімгі ақ қардан жасап шыққан, қашап шыққан Нәдір Қуанаевтың сырымдық екенін білесіздер ме?!

2CD004EF-5FDB-4CBD-8664-599B23411026

- Мен 1998 жылы Жымпиты ауылында дүниеге келдім. Ата - әкелерім Жетікөлде туған. Атақонысымыз сол жақтан. - дейді бүгінде Бәйтерек ауданы, Достық ауылында тұратын жерлесіміз.

83A9FDA6-9F31-4420-A96B-6EAC5B896E42

Иә, Нәдірдің қардан соққан мешіті еріксіз көз тоқтатады. "Қар шебері "ғимараттың сәулетін айнытпай, асқан дәлдікпен қайталаған. Әсіресе, күн сүйген шыны күмбезі мен көкала мұнарасы, оюлы маңдайы, баспалдақтары, бағаналары, тіпті өрнекті  терезелері өте шынайы шыққан. Жарқыраған айшығын айтсаңызшы!

- Қардан мүсін соғу идеясы ойымда жүрген. Былтыр жұмыссыз қалдым. Бос уақытымда аулада қардан көлік жасап көрдім. Ұнады. "Келесі жылы мешіт соғамын!" - деп уәде бердім өзіме. Мешітті жасап шығуға 20 күндей уақытым кетті. Қарды қалаған қалыпта тұрғызу қиын. Нәзіктік керек. Сондықтан, ағаш қаңқаларды пайдаландым.

B4689B4B-EDE8-4AD1-A6FF-DE63EFA6616B

Ауламдағы мешіттің биіктігі 4 метрді шамалайды. - дейді "ерекше сәулетші "

Нәдір туындысын бояп, безендірумен бірге, жарықтандыруды да ұмытпаған. Ақ - сары шамдар "қар - мешітті" түн уағында тіпті де әдемі етеді.

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

(Назарларыңызға Нәдірдің туындысын ұсынамыз)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале