ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Твиттердегі парақшасында халықаралық инвесторларға үн қатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстан халықаралық қоғамдастықпен жан-жақты ынтымақтастыққа әрқашан дайын. Еліміз бен халқымыздың игілігі үшін серіктестерімізбен арадағы тығыз байланыстарды нығайту ісін жалғастырамыз. Біздің «ашық есік» инвестициялық саясатымыз да өзгермейді» делінген хабарламада.