26.01.2022, 9:54
Оқылды: 45

«Заңдылықты сақтау – негізгі талап»

Бүгінгі таңда прокуратура құрылымы  заң бұзушылықты анықтау мен жою  жөнінде шаралар қолданып, өз  өкілеттігін Ата Заңымыз бен  заңдарымызға сәйкес жүзеге асырады.

IMG-20220126-WA0010

Заңдылықты сақтау – тәуелсіздігімізді нығайтудың басты талабы болып табылады. Ал құқықбұзушылық - қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын әрекет.

Бұл ретте әскери прокуратура құрылымдары құқық қорғау және өзге де мемлекеттiк құрылымдардың  заңдылықты, құқықтық тәртiптi және  қылмысқа қарсы күрестi қамтамасыз  ету жөнiндегi қызметiн үйлестiрудi осы құрылымдардың өзара iс-қимылына  қол жеткiзу, өзара ақпарат алмасу  және ортақ мiндеттер  мен мақсаттарды iске асыру үшiн олардың iс-әрекеттерiн  үйлестiру арқылы  жүзеге  асырады.

Қадағалау жұмысы барысында қылмыстық үдерістің заңдылығы мен мемлекеттің мүддесін, әскерилердің және олардың жанұя мүшелерінің құқықтары мен денсаулығының қорғалуына аса назар аударылады. Сондай-ақ қылмысты алдын алуға бағытталған Бас әскери прокуратураның бастамасымен   бірнеше   бағдарлама жүзеге асырылуда. Әсіресе Қарулы күштер мен басқа да әскери құрылымдар ішіндегі құқықбұзушылықтың алдын алу, суицидті болдырмау бағытында 2010 жылдан бері бірнеше бағдарлама сәтті орындалып  келеді.

Ал 2017 жылы қабылданған  «Әскерде қылмысқа орын жоқ»  бағдарламасы  аясындағы жүргізілген шаралар өз мәресіне жетіп, өткен жылы аяқталды. Қабылданған шаралар әскерде қылмыстың азаюына  ықпал  етті.

Қол жеткізілген оң нәтижелер келешекте құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған жаңа деңгейдегі шаралар қабылдап, нәтижесінде әскердегі қылмысты мүлдем жоюға  негіз  болады.

Осыған байланысты Бас әскери прокуратураның ықпалымен  қазіргі таңда  жаңа бағдарлама әзірленді. Тиісті шаралар қолға алынады. Сонымен қатар Орал гарнизоны әскери  прокуратурасының  ұйымдастыруымен әскери бөлімде заңбұзушылықтың алдын алуға «Прокурор сағаты» жобасы аясындағы жұмыстар тұрақты жүргізіледі. Бұл  іс-шарада,  әсіресе, әскерге мерзімді шақырылған сарбаздар құрамымен,  келісімшарт бойынша әскери қызметкерлермен әңгімелесу, анонимдік сауалнамалар жүргізіліп, дәрістер оқылды, соңында деректі фильмдер көрсетіледі.

Әскери бөлімдерде құқықбұзушылықтың алдын алу үшін барлық әскери ғимаратта және  казармаларда бейнебақылау камералары орнатылды.

Кейбір әскери бөлімде әйелдер кеңестері жұмыс істеуде. Осындай кеңес жиындары барысында әскери қызметкерлердің әлеуметтік жағдайы назарға алынады. Дегенмен әскери қызмет саласында кейбір түйткілді мәселенің бар екенін де атап өткен жөн. Біздің облыстың Ресей Федерациясымен шекарасының ұзындығы біржарым мыңнан астам шақырымды құрайды. Қазіргі уақытта шекара бекеттерін күзетуге әскери мамандар жетіспей жатыр. Соған байланысты құзырлы құрылымдардың алдында осы мәселені көтерудеміз. Шекарада тұрғындарға арналған жеңілдетілген өткізу пункттерінің ғимараттарын талапқа сай келтіру жұмысы жүргізілді.

Сондай-ақ  бүгінгі күннің бір маңызды мәселесі – жастарды мерзімді әскерге шақыру кезінде туындайтын қиындықтар. Барлығымызға мәлім, жастардың көпшілігі мерзімді әскерге барғысы  келмейді.

Аймақ жастары  арасындағы әскери-патриоттық тәрбиені дамытуға айрықша назар аударудамыз. Жыл сайын мектеп оқушылары мен әскери клуб тәрбиеленушілерін әскери бөлімдерді аралатып, жаңа техникалармен және музей жәдігерлерімен таныстырып, әскери қызметкерлермен кездесуіне мүмкіндік  береміз.

Әскери-патриоттық тәрбие еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған сенімді қорғаныс міндеттерді, патриоттық және рухани-психологиялық қасиеттерді қалыптастыруға негіз болады.

Осы орайда облыстық білім беру басқармасы және жергілікті  прокуратураның бірлесуімен Орал қаласындағы мектептен «Кадет сыныбы» ашылып,  осы сыныпта патриоттық тәрбиені  дамыту мақсатында жоспарлы іс-шаралар өткізілуде.

Аталған барлық іс-шара әскери саладағы заңбұзушылыққа жол бермеуге,  әскери-патриоттық тәрбиені жандандыруға арналған. Бұл бағытта белсенді еңбек ететін боламыз.

Алтынбай Раев,

Орал гарнизонының әскери прокуроры, әділет полковнигі

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале