29.01.2022, 17:50
Оқылды: 389

Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі

Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты – дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Бүгінгі материалымызда дұрыс тамақтану және адам ағзасына зиян келтіретін тағамдар жайында сөз қозғамақпыз.

9E9702DC-8288-44E5-9755-F3BD50BF86F3

«Ас адамның арқауы» деп тегін айтылмаса керек. Шындығын айтқанда адам денсаулығының басты кепілі дұрыс тамақтану. Қазіргі таңда заман ағымына сай тез өзгеріп жатқан қоғамда пайдалы тағамдардың орнын зиянды тағамдар алмастырып, адам саулығына біршама зиян келтіруде. Мәселен, жартылай дайын өнімдерді тағам ретінде пайдалану, тез дайындалатын тағамдарды шамадан тыс жеу, майлы тағамдарды тұтыну, газды сусындарды ішу денсаулыққа орасан зиян әкеледі. Осы орайда дұрыс тамақтануды әдетке айналдырған аудан тұрғынымен тілдескен едік.

«Денсаулығымды дұрыс қадағалаймын…»

- Дұрыс тамақтана білу де денсаулықтың басты шарты. Адам дұрыс тамақтанған кезде ғана ағзасына қажетті дәрумендерді толық алады. Күнделікті рациондағы тағамдар әр түрлі әрі қуаты мол, нәрлі болуы қажет. Тағамның құрамында өсімдіктекті де, жануартекті де азық-түлік өнімдері болуы шарт. Тамақты дұрыс пайдалану туралы ғылым – диетология деп аталады. Ас қорыту сөлдерінің дұрыс бөлінуіне жеміс-жидектер, көкөністер, табиғи шырындар, сұйық тағамдар әсер етеді. Ұзақ өмір сүрушілердің басты себептері де дұрыс тамақтана білуге тікелей байланысты. Күндізгі тамақтану адамның қанша күш жұмсайтынына байланысты болуы керек. Егер жұмыстың басым бөлігі түске дейінгі мерзімге түссе, таңғы ас пен түскі асқа баса мән беріңіз, - дейді аудан тұрғыны Шынар Жұмағалиева.

Мамандардың айтуынша, мүмкіндігінше дұрыс тамақтануды ұстанатын адамдар тәтті, майлы және ащы тағамдардардан бас тартқаны дұрыс. Сондай-ақ қуырылған тағамдардан аулақ болғаны абзал. Қуырылған ас бірінші кезекте асқазанға зиян келтіретінін естен шығармаған жөн.

Маман не дейді?

Осы ретте Жаңақала аудандық ауруханасының диетологі Жадыра Хасановаға хабарласып, дұрыс тамақтанудың пайдасы және дұрыс тамақтанбаудың залалы туралы сұрап білдік.

– Дұрыс тамақтану денсаулықтың және ұзақ өмір сүрудің басты факторы болып табылады. Адамның физикалық жағдайы, оның қалай және қандай көлемде тамақ жейтініне байланысты.

Тамақтанудың белгілі бір ережелері бар:

1. ұстамды жеу керек;

2. тамақ құнды болуы керек: онда жеткілікті көлемде белоктар, майлар, көмірсулар, минералды заттар, витаминдер болуы тиіс;

3. тамақтану режимін сақтау қажет.

Тамақтану адамның өмірлік қажеттілігі және денсаулық кепілі. Ас - адамның арқауы. Ағза - дене жүктемесінде ғана емес, тыныштық жағдайында да күшін шығындайтын қуат көзі. Ас ішу біздің жасушаларымыз бен тіндерімізді (клетка) жаңартуға мүмкіндік береді. Дұрыс тамақтану жүрек-қантамыр, асқазан-ішек жолдары, қант диабеті, қатерлі ісік ауруларының алдын алу үшін, сыртқы орта әсеріне қарсы тұру үшін, ағзаның жұмысқа қабілеттілігін арттыру үшін, белсенді ұзақ өмір сүру үшін қажет.

Дұрыс тамақтанбау дегеніміз не?

Дұрыс тамақтанбау түсінігінің аясы кең. Бұған шамадан тыс тамақтану, зиянды тағамдарды жиі тұтыну, қатаң диеталар, аштық және т.б. кіреді.

Сонымен қатар дұрыс тамақтанбауға,  құрамында майы көп, ащы тамақтар, қуырылған тамақтар, тез дайындалатын тамақтарды, газды сусындарды көп пайдалану да жатады.

Соның ішінде, майлы тағамдарға тоқталатын болсақ, құрамында пайдалы және зиянды майлары бар тағамдар туралы білуіміз қажет. Адам организміне қажетті заттар бар пайдалы майларды келесі өнімдерден алуға болады:

- балық және балық майы;

- өсімдік майлары (бұл майдың көптігі);

- жаңғақтар және тұқымдар.

Майлардың бұл түрлері керемет пайдалы, метаболизм мен қан құрамын жақсартады, өміршеңдікті арттырады, тәбет бақылауына және салмақ жоғалуына ықпал етеді, қабынуға қарсы әрекеттерді белсендіреді, теріні, шаш пен тырнақты жақсартады, гормоналды жүйені қалыпқа келтіруге ықпал етеді. Бұл майлардан қорықпау керек – олар денеге қажет және оларды диетадан шығару денсаулығыңызға зиян тигізеді.

Қандай тағамдар зиянды майлардан тұрады?

Зиянды майлар саны қаныққан майлар мен транс майларға (бұл жасанды майлар) кіреді.

- қаныққан майлар бар тағамдарды тану және олардың қолданылуын барынша азайту үшін:

- маргарин, спрей;

- барлық түрдегі жануарлардың майлары – ішкі май, сары май, ірімшік, ақ майға арналған ет (оның ішінде құстардың терісі);

- тропикалық өсімдік майлары (пальма, кокос майы);

- майлы ет өнімдері (майлы сиыр еті, қой еті және әсіресе шошқа еті);

- жылдам тағам (гамбургерлер, француз фрилері және т.б.);

- кондитерлік және шоколад;

- майлы сүт өнімдері (сүт, кілегей және т.б.).

Майсыз тағам пайдалансаңыз көп аурудан айығасыз, - дейді диетолог маман.

Дұрыс тамақтанудың қандай шарттары бар?

Ағзаның саулығына тұқым қуалаушылық, экология, зиянды әдет деген сияқты факторлар әсер ететіні анық, оған қоса дұрыс тамақтану да маңызды рөл атқаратыны сөзсіз. Зиянды тағамдардың залалы бірден байқалмаса да, уақыт өте келе міндетті түрде өзі жайлы сыр бере бастайтынын, дұрыс тамақтанбау көптеген аурулардың тууына ықпал ететінін біріміз білсек біріміз біле бермейміз.  Шамадан тыс тамақтану немесе керісінше қатаң диета ұстану, аштық жариялау адам ағзасына пайдалы еместігі бәрімізге мәлім. Тағамның құнарлы болғанына көңіл бөлгеніңіз абзал. Тамақтану кезінде адам өзінің ас қабылдау қабілеті, көңіл-күйіне баса назар аударғаны жөн. Салауатты тамақтану және жоғары дене белсенділігі, спортпен шұғылдану, күйзеліс пен күресе білу, темекіден, ішімдіктен бас тарту жолымен салауатты өмір салтын ұстану арқылы аурулардың алдын алып, тәні мен жаны жас, белсенді болып жүруіңізге кепіл бола алатыны сөзсіз.

Кешкі алтыдан кейін зиянды тамақ тұтынбаған жөн екенін біле тұра оны естен шығарып, тамақтану ережесін сақтамай жатамыз. Қарбалас заманда бұл ережені ұстану өте қиын. Көп адамдардың, соның ішінде кешқұрымға дейін жұмыс істейтін адамдар бұл заңдылықты ұстана алмайды. Күнделікті рационның жартысынан көп бөлігін күннің бірінші жартысында жеу керек, ал кешке жеңіл, майсыз тағамдарды таңдағаныңыз жөн дейді мамандар.

Тарихтан сыр шертейік

Тез дайындалатын тағамдардың шығу тарихына үңілсек, 1920 жылы ең бірінші фастфуд тағамы Америкада қолданысқа ие болған. 1921 жылы Американың «Канзас» деген штатында «White Castle» атты компания ашылып, алғашқылардың бірі болып гамбургер дайындаған еді. Бұл компания келушілерді гамбургердің бағасының тұрақтылығымен жаулап алды, бірақ тағамның сапасы мен құндылығы жөнінде компания басшысы Билли Инграма ойламаған. 1940 жылдардың соңында White Castle компаниясының мықты бәсекелесі болып «McDonald's» компаниясы бой түзеді. Сол жылдан бастап McDonald's компаниясы алпауыт компаниялардың бірі болды. Тоқсаныншы жылдары гамбургер кедейлерге арналған зиянды тағам болып есептелінген. Оны қала көшелерінде ғана үйсіз-күйсіз адамдарға сататын болған. Тек кейінірек бұл тағам ресторандарға жол тартты. Америкалықтар 1970 жылы фастфудқа 6 миллиард доллар жұмсайтын еді. Бұл көрсеткіш 2011 жылы 142 миллиард долларға өсті. Ричард және Морис Макдональдтар өздерінің алғашқы ресторанын 1949 жылы Калифорния штатындағы «Сан Бернардинода» ашқан.

Сөз соңы

Бей-берекет тамақтанудан аулақ болғаныңыз абзал. Диетолог мамандар адамдарды дұрыс тамақтануға мейілінше ертерек бетбұруға шақырады. Дұрыс тамақтану – біздің денсаулығымыздың құрамдас бөлігі екенін есте сақтауымыз қажет. Адамның асқазаны – қоқыс жәшігі емес. Бірінші кезекте ол біздің денсаулығымыз. Ал сіз дұрыс тамақтанып жүрсіз бе?

Райхан Амантайқызы,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале