1.02.2022, 11:15
Оқылды: 41

Биыл елімізде 17 млн шаршы метр баспана салынады

 ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «шаршы метр құрылысы» саясатынан «сапалы өмір ортасы» саясатына көшпекші. Бұл туралы ведомство басшысы Қайырбек Өскенбаев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

211028163346742e

«2021 жылдың қорытындысы бойынша республика бойынша 17,1 млн шаршы метр (өсім +11,4%) жаңа тұрғын үй салынды. Бұл 151 мың азаматқа өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартуға мүмкіндік берді. Тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялар өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 19,1% өсіп, 2,4 трлн теңге болды. Биылдан бастап жер ресурстарын тиімді пайдалану, көше-жол желісін дамыту және қоғамдық кеңістіктердің сапасын арттыру есебінен жинақы және алуан түрлі құрылыс салу арқылы «шаршы метр құрылысынан» жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға көшуді жоспарлап отырмыз», - деді министр.

Бұл саясат аясында азаматтардың тұрғын үй мәселелерін шешудің негізгі тәсілдері субсидия төлеу, тұрғын үйді жалға алуға арналған тұрғын үй төлемдері, құрылыс салушылардан дайын тұрғын үй сатып алу, «ескі орамдарды» реновациялау, проблемалық объектілерді аяқтау шараларына басымдық беруді көздейді. «Осыны ескере отырып, биылғы жылға тұрғын үйді іске қосудың жылдық көлемін 17 млн шаршы метр деп белгілеуді ұсынамыз», - деді Қайырбек Өскенбаев.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале