1.02.2022, 16:15
Оқылды: 78

Әбу-Дабиден әлем чемпионы атанды

БАӘ мемлекетінің астанасы Әбу-Даби қаласында жастар мен ересектер арасында аралас жекпе-жектен (ММИ) өткен әлем чемпионаты мәресіне жетті. Оған әлемнің 60-қа жуық мемлекетінің ең мықты спортшылары қатысты.

3FCA4D40-0D1F-429E-ABE5-5B07E174799F

Әлем чемпионатында Батыс Қазақстан облысының №5 Жауынгерлік өнер қауымдастығы мектебінен үш спортшы сынға түскен. Аралас жекпе-жектен аға жаттықтырушы Серік Қартабаевтың айтуынша, оралдық оғландар 1 алтын, 1 күміс, 1 қола жүлдеге ие болған. Нақтырақ айтсақ, 66 келі салмақ дәрежесінде Самғат Шабдан қола жүлдені қанжығасына байласа, 120 келі салмақта Нұрәділ Қайырбергенұлы күміс жүлдеге қол жеткізді. Ал 57 келі салмақ дәрежесінде Қазақстанның намысын қорғаған

Карина Сисенова шаршы алаңда қарсылас шыдатпай, әлем чемпионы атанды. Карина – Бәйтерек ауданындағы Дариян ауылының тумасы. Бүгінде Орал қаласында шеберлігін шыңдап, дүйім жұрттың абыройын асқақтатып жүр.

Алтынбек Серікқалиұлы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале