2.02.2022, 11:40
Оқылды: 31

Кәсіпкерлер тәжірибе алмасты

Казталов ауданында ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік саласына қолдау артып келеді. Саланың жетістіктері мен жаңалықтары да аз емес. Дегенмен, әлі де біраз жұмыстың менмұндалап күтіп тұрғаны бар. Кәсіптің көзін тапса, ауданымыздың экономикалық дамуында әлі де болса ілгерілеу болары сөзсіз. Саланы дамыту және кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында аудан әкімі Альберт Есалиев сала басшысына бірқатар тапсырмалар берген болатын. Салмақты міндет нәтижелі болуы тиіс екені айтпаса да түсінікті.

272773644_4607604579365302_6669925294540818208_n

Жуырда аудан әкімінің тапсырмасына орай аудан әкімінің орынбасары Рүстем Зұлқашев, жеке кәсіпкерлер Заңғар Салауатов және Дулат Рахматуллин, Казталов ауылдық округінің әкімінің орынбасары Сағат Нұрмұхамбетов жұмыс сапарымен Бәйтерек және Тасқала аудандарына барды. Іскерлік сапар барысында делегаттар Бәйтерек ауданындағы сүт өнімдерін сатумен айналысатын шаруа қожалық жұмысымен және Тасқала ауданындағы супермаркет желісінің қызметімен танысып, тәжірибе алмасты. Аудан кәсіпкерлері іскерлік сапар барысында көкейлерінде жүрген сауалдарға жауап алып, жергілікті атқарушы билікке ризашылықтарын білдірді.

272852349_4607605022698591_3948844230125862164_n

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале