3.02.2022, 9:10
Оқылды: 72

Жалпақталда дәстүрлі өнер орталығы ашылды

Үстіміздегі жылдың 2 ақпаны күні Казталов ауданы Жалпақтал ауылында аудан әкімі Альберт Темірболатұлы Есалиевтың тікелей қолдауымен бұрынғы кинотеатр ғимараты күрделі жөндеуден өткізіліп, «Дәстүрлі өнер орталығы» болып жаңа атаумен қайтадан пайдалануға берілді.

IMG-20220203-WA0007

Жөндеу жұмыстарын «Қуан құрылыс» ЖШС-і жүзеге асырған дәстүрлі өнер орталығының ашылу салтанатына Казталов ауданының әкімі Альберт Темірболатұлы, Батыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының басшысы Сайран Дүйсентегі, Ғарифолла Құрманғалиев атындағы филармония директоры Асхат Қажығалиев, облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Мәулет Жұбатов, Жазушылар Одағының мүшесі, айтыскер ақын Дариға Мұштанова, әнші, сазгер Гүлбаршын Қасиетова, Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының танымал әртісі Нұргүл Жұбатова, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, әнші, термеші Ернар Өмірәлиевтер қатысып, орталық қызметкерлеріне жылы лебіздерін білдірді.

IMG-20220203-WA0008

Дәстүрлі өнер орталығында халықтық «Шапағат» әжелер ансамблі, үлгілі «Қыз Жібек» ансамблінің бөлмелері және 30 орындықты акт залы жергілікті бюджет есебінен жабдықталған. Онда ҚР Халық ағарту ісі мен ҚР Мәдениет саласының үздігі, «Ерен еңбегі» медалінің иегері, халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты, Баян Құбайқызы Қабиева мен термеші, ұстаз Асылхан Болтанов жетекшілік ететін әжелер, термешілер ансамблі мен Қабиевтер жанұялық ансамблдері өнерлерін тұрақты түрде шыңдап, алаңсыз дайындалатын болады.

IMG-20220203-WA0010

Осылайша ауылдық жердегі көркемөнерпаздар ұжымына шығармашылықтарын дамыту үшін жергілікті әкімдік тарапынан қолайлы жағдай туғызылды. Бұндай қолдау өз кезегінде өнер ұжымдарын шығармашылық биікке жетелейтіні сөзсіз.

IMG-20220203-WA0009

Ұлттық музыка мәдениетінің шоқтығы биік, алтын өзегі саналатын дәстүрлі өнерді дәріптеуге облысымыздың өнер және әдебиет майталмандары, мекеме-кәсіпорын басшылары, арнайы шақырулы қонақтар мен БАҚ өкілдері қатысып, қазақтың дәстүрлі өнеріне зор ілтипаттарын білдірді. Алдағы уақытта бұл ғимаратта түрлі деңгейдегі өнер ұжымдары шығармашылық жұмыстарын жандандырып, қазақтың ұлттық өнерін насихаттап жүрген ұлтжанды ұрпақ қалыптастыруды көздейтін болады. Аталмыш орталық дәстүрлі әнші, жыршы-термешілер шығармашылығын шыңдап, жетістіктерін елге насихаттайын қара шаңыраққа айналатынына сенеміз.

IMG-20220203-WA0006

Салтанатты шара барысында «Шапағат» әжелер ансамблі мен «Қыз Жібек» термешілер ансамлі және Қабиевтер жанұялық ансамблі жоғары деңгейде өнер көрсетіп, әннен шашу шашты.

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы 

zhaikpress.kz 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале