Университеттің жетекші ғылыми қызметкері Хуан Цзинхенің айтуынша, дәл осындай антиденелер болашақта пайда болатын коронавирус мутацияларына қарсы тиімді құрал болады.
"Әлемде омикрон штамын жоятын антиденелер өте аз. Құдайдың рақымы түскендей сезінемін", - деп мойындады ол.
Бұл антиденелердің сегізі омикрон және вирустың басқа түрлеріне әсер етуі мүмкін. Сәтсіз сынақтардан кейін ғалымдар 10 жасанды антидене алды, олардың мөлшері табиғи шыққан антидененің мөлшерінен 10 пайызға артық.
"Компоненттер түрлі табиғи антиденелерге жататынына қарамастан, жою процесінде бірлескен рөл атқарады", - делінген мақалада.Биспецификалы антиденелер дельта, SARS-CoV-2 және басқа да коронавирус штамдарын бейтараптандыруы мүмкін. Зерттеушілердің пікірінше, сынақ нәтижелері жаңа антиденелердің болашақта жаңа мутациялармен күресуде әлеуеті жоғары екенін көрсеткен.