4.02.2022, 22:39
Оқылды: 44

Кәсіпкер келіншектер спортшыларды қолдады

Бәйтерек ауданында Бейжіңдегі ХХІV қысқы олимпиадада ел намысын қорғап жатқан спортшыларды қолдауға арналған шаңғы фестивалі өтті. 

4ECD58F7-04FF-4340-AB24-91CAF05D3C61

Ел үмітін арқалап кеткен спортшыларға қолдау білдіріп, нәзік жандыларды шаңғы спортына баулу және салауатты өмір салтын ұстануға шақыру мақсатында өткен фестивальді «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы филиалының жанынан құрылған Бәйтерек ауданының іскер әйелдер кеңесі, «Бәйтерек» спорт клубы мен аудандық туризм және экология орталығы бірлесе ұйымдастырды.
Бұрымды шаңғышылардың басы қосылған фестивальде жарыс жолына кәсіпкер қыз-келіншектер, жастар ұйымының мүшелері мен түрлі салада еңбек етіп жүрген нәзік жандылар шықты.

3D11861E-BFF0-493F-8296-1C61FCB7E025
-Мақсатымыз – дені сау, спортқа құмар жандардың санын арттыру. Сондай-ақ төрткүл дүние көз тіккен төртжылдықтың басты спорт додасында өнер көрсетіп жатқан оғландарымызға қолдау көрсету. Спортты жаны серік еткен азаматтар мен азаматшалар саны арта берсін. Кәсіпте жүрген іскер әйелдердің ұйытқы болуымен іске асқан фестиваль жалғаса бергей,-деді шаңғышылар додасына арнайы келген «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бибігүл Ахметжанова.
Сонымен қатар қызықты спорт жарысының ашылу салтанатында аудандық іскер әйелдер кеңесінің төрағасы, кәсіпкер, аудандық мәслихат депутаты Әсел Ижанова да сөз алып, жастарға үлгі болар әр бастаманы қолдауға әзір екендігін айтты.
Жарыс екі жас ерекшелігі бойынша өтті. Алдымен додаға 25 жасқа дейінгі жастар шықты. Қорытындысында үшінші орынға Гүлмира Қонысбай, екінші орынға Алия Имашева тұрақтаса, бірінші орын Альбина Ғаббасоваға бұйырды. Ал 25 жастан жоғары шаңғышылар жарысында Гүлнара Галиева үшінші, Әсел Карткужакова екінші орынға ие болса, алдына жан салмаған Жанна Нұрғалиева жарыс жеңімпазы атанды.
Қызықты жарыс барысында үздік шыққандар мен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар, мақтау қағаздары табысталды.

Түгелбай Бисен,
Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале