7.02.2022, 12:00
Оқылды: 54

Отбасына зәбір көрсетіп келген 2,5 мың қазақстандық есепке қойылды

Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсетуге бейім адамдар есепке алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

201118190107611a3720247i

«Құқық қорғау органдары қызметінің басым бағыттарының бірі - тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың туындауына жиі әкеліп соғатын себеп тұрмыстық жағдайдың нашарлығы мен құқықтық сауаттылықтың төмендігі. Мемлекет басшысы аталған проблеманы жою мақсатында тиімді шара қолдануды тапсырды. Осы орайда ішкі істер министрлігі «Тұрмыс» жедел профилактикалық шарасын өткізді. Жергілікті әкімдік, білім беру, денсаулық сақтау ұйымдары мен әлеуметтік мекемелердің сенім телефоны іске қосылды. Нәтижесінде 800 тұрмысы нашар отбасы анықталып, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа бейім 2,5 мың адам есепке алынды», - деді ҚР ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбек онлайн өткен баспасөз мәслихатында.

ІІМ ұсынған мәліметке сүйенсек, аталған шара барысында 14 құқық бұзушы әкімшілік жауап тартылды.

Оның ішінде күш көрсету, бала тәрбиесіне немқұрайлы қарау және ішімдік ішу жайттары бар.

«400 азаматтан қолхат алынды. Одан бөлек, отбасылық зорлық-зомбылыққа қатысты 400 іс сотқа жіберілді. Сонымен қатар зорлық көрген және зардап шеккен жандарға психологиялық-әлеуметтік көмек қолдау көрсетілді. Осыған орай азаматтардан зорлық-зомбылыққа жол бермеуге және оған төзбеуге шақырады», - дейді ол.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале