11.02.2022, 10:50
Оқылды: 72

«Біз - жерлесімізді қолдаймыз!»

Жақында XXIV қысқы Олимпиада ойындарына қатысатын спортшыларды, соның ішінде шорт-трекші, жерлесіміз, жосалылық Абзал Әжіғалиевты қолдау мақсатында Сырым колледжінің «Туризм» үйірмесінің мүшелері Жымпиты-Бұлан-Жымпиты маршруты  бойынша шаңғы жорығына шықты.

IMG-20220211-WA0033

Алдымен, колледж басшысы Санат Берсебаев шаңғышылармен кездесіп, жорықтың  сәтті өтуіне тілек білдірді.

Жымпиты-Бұлан-Жымпиты маршруты бойынша шаңғымен студенттер Бұлан ауылына атбасын тіреді. Бұлан ауылының әкімі Мұрат Әділгереев  шаңғышыларды қарсы алып,  жорыққа қатысушыларға сәттілік тіледі.

IMG-20220211-WA0035

Жорықшылар Сырым ауданы Бұлан ауылдық кітапханада болып, кітапхана меңгерушісі  Әсия Аманбаеваның ұйымдастыруымен өткен «Олимпиада-2022» атты танымдық шараға қатысты.

IMG-20220211-WA0034

Шара барысында колледж жастары  жерлесіміз Абзалдың апасы Батима Әжіғалиева анамызбен  кездесіп,  Абзалдың балалық шағы туралы, спортқа деген қызығушылығы туралы қызықты естеліктерге куә болды. Батима ана колледж жастарының бастамасына риза болып, батасын берді.

Айжан Амангелдина,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале