Айжан Есмағамбетова ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі және ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды.
Айжан Есмағамбетова 1972 жылы Алматы облысында дүниеге келген.
Білімі:
1997 жылы Алматы мемлекеттік медицина университетін гигиенист-дәрігер, эпидемиолог мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек өтілі:
Еңбек жолын 1990 жылы Алматы қаласы №7 емханасында фельдшер-зертханашы болып бастаған.
- 1997-2004 жылдары республикалықсанитарлық-эпидемиологиялықстанцияның аса қауіпті инфекцияларбөлімінде дәрігер-эпидемиолог, дәрігер-бактериолог, зертхана меңгерушісіболып жұмыс істеген.
- 2004-2014 жылдары мемлекеттіксанитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің құрылымындажетекші маманнан бастап төрайымға дейін түрлі лауазым атқарған.
- 2014 жылы ҚР тұтынушылардың құқығын қорғау агенттігі эпидемиологиялық қадағалау департаментінің директоры – бас мемлекеттіксанитарлық дәрігердің орынбасары болды.
- 2014-2017 жылдары - ҚР ҰЭМ тұтынушылардың құқығын қорғаукомитетінің эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы. 2017жылы ҚР ДСМ стратегиялық даму және қоғамдық денсаулық сақтаудепартаментінің директоры. 2017-2020 жылдары ҚР қоғамдық денсаулықсақтау саясаты департаментінің директоры.
- 2020 жылғы 23 маусымнан бастап бүгінге уақытқа дейін ҚР ДСМ тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.