Футболдан UEFA Еуропа лигасы 1/16 финалындағы ойындар өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жарыстың аталған сатысындағы ойындар 17 және 24 ақпан күндеріне белгіленген.
Командалар 1/16 финалда төмендегіше жұп құрап отыр:
«Шериф» (Молдавия) – «Брага» (Португалия)
«Боруссия Дортмунд» (Германия) – «Рейнджерс» (Шотландия)
«Зенит» (Ресей) – «Бетис» (Испания)
«Барселона» (Испания) – «Наполи» (Италия)
«Порту» (Португалия) – «Лацио» (Италия)
«Аталанта» (Италия) – «Олимпиакос» (Грекия)
«Севилья» (Испания) – «Динамо Загреб» (Хорватия)
«РБ Лейпциг» (Германия) – «Реал Сосьедад» (Испания).
Айта кетсек, елорда уақытымен 23:35-те «Барселона» мен «Наполи» кездесуін «Qazaqstan», «Зенит» пен «Бетис» ойынын «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.
Ал 01:50-де «Порту» мен «Лацио» ойыны «Qazaqstan», «Лейпциг» пен «Реал Сосьедад» кездесуін тікелей эфирде «Qazsport» телеарналарынан жанкүйер назарына ұсынылады.