18.02.2022, 15:30
Оқылды: 44

Сессия отырысы өтті

Теректі ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық мәслихаттың ХІХ кезектен тыс сессиясы өтті. 

IMG-20220218-WA0019

Сессия жұмысына Теректі ауданы әкімі Тілек Габдушев, аудандық мәслихат депутаттары, округ әкімдері және бөлім басшылары қатысты. Жиынға аудандық мәслихат хатшысы Әлжан Нұрғалиев төрағалық етті.

Күн тәртібінде  аудан бойынша атқарылуы тиіс бірқатар мәселелер сөз болды.

IMG-20220218-WA0022

Сессия жұмысында Теректі аудандық санитариялық-эпидемологиялық басқарма басшысы Л.Ашықова  сөз алды. Ол коронавирус індетінің таралуы, екпе және құтырма, туберкулез, дала тышқандары арасынан шыққан аурулар жөнінде 2020-2021 жылдық есепті салыстыра отырып баяндады.

—     Ауданымызда құтырған ит қапқан 48 жағдай тіркелсе, оның 16-сы мектеп оқушылары. Ит қабу фактілері негізінен таңғы уақытта тіркелген, — деген Л.Ашықова, мектеп пен балабақша маңына  иттерді әкелмеу, ертіп келген жағдайда тәртіптік шара қолдануды ұсынды.

Сондай-ақ, аудан әкімі  округ басшыларына қаңғыбас иттер мен бұралқы иттерді  өткізу  мен тексерту жұмыстарында халықпен тығыз жұмыстануды тапсырды.

IMG-20220218-WA0017

Отырыс барысында Ә.Нұрғалиев кеңес мүшелерін бекіту жайында, елді-мекендерді тарату мақсатында  өзгеріс енгізу жұмыстары жөнінде экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Сәрсенова, әкім аппаратының басшысы  М.Еркебаев 2013 жылғы 15 тамыздағы №213 Теректі ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы қаулыға өзгерістер енгізу мен төтенше жағдайлардың алдын алу заңының  2021 жылдың 22 желтоқсанындағы №337 қаулысын бекітуді ұсынды. Шешім депутаттар тарапынан қолдау тапты.

 

Балнұр Қуанышқызы, 

Теректі ауданы 

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале