2022 жылғы наурызда аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 12 күн демалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
2022 жылы 8 наурыз сейсенбіге сәйкес келеді. Сондықтан аптасына бес күн жұмыс істейтіндерге - 5 наурыз жұмыс күні, 2022 жылғы 6, 7, 8 наурызда демалыс болады.
Ал аптасына алты күндік жұмыс істейтіндерге - 5 және 7 наурыз жұмыс күндері, 2022 жылдың 6 және 8 наурызы демалыс, ал 9 наурыз - жұмыс күні.
Сондай-ақ, Наурыз мейрамы кезінде аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 5 күн қатарынан демалады - 2022 жылдың 19, 20, 21, 22, 23 наурызында. Аптасына алты күндік жұмыс істейтіндерге сенбі 19 наурыз жұмыс күні, одан кейін 4 күн - 2022 жылдың 20, 21, 22, 23 наурызы демалыс