Батыс Қазақстан облысында жол апатынан жолаушы қаза тауып, екі адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 20 ақпан күні шамамен сағат 08.00-де Орал-Атырау жолының 207-шақырымында болды.
«Жүргізуші «Тойота Альфард» автокөлігін басқара алмай, аударылып қалуына жол берді. Жол апаты салдарынан екі адам Ақжайық аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Жолаушы - 1986 жылы туған азамат жарақаттары салдарынан жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бірнеше сараптама тағайындалды», - деп хабарлады ведомстводан.