Еліміздің жас грепплингшілері Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында бас қосып, ел кубогін сарапқа салды. Әр өңірден келген жасөспірім және жас грепплингшілер бәсекесінде өңір спортшылары да бой көрсетті.
Аталмыш жарысқа облыс құрамасы сапында аттанған бәйтеректік Мұхит Ғимран тамаша нәтиже көрсетті. 35 келі тартатын жасөспірімдер арасында жарыс жолына шыққан шыққан Мұхит бірнеше кездесуін сәтті өткізіп, жүлде таласына түсуге мүмкіндік алды. Үлкен жарысқа алғаш қосылған жас палуан ел кубогінің қола жүлдегері атанды.
Мичурин ауылында тұратын Мұхит Ғимран алда болатын басқа ірі жарыстарға дайындықты бастап кетті.
Түгелбай Бисен,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz