Ол атағандай, олардың 107-сі ауыр жарақаттармен, оның ішінде бас сүйегі негізінің сынықтарымен, сұғылған пышақ жарақаттарымен, ауыр күйіктермен және өзге ауыр зардаптармен емделіп жатыр.
Мысалы, Атырауда ағымдағы жылы 5-ші қаңтарда тәртіпсіздіктер кезінде облстық әкімшілік ғимаратына шабуыл барысында қоғамдық тәртіпті күзетуге тартылған қарусыз полиция қызметкерін қатыгездікпен ұрып-соққан жергілікті тұрғын ұсталды.Видеодан көрінгендей ашулы тобыр полиция қызметкерін қоршап алып соққыға жыққан, нәтижесінде ол құлаған кезде ұсталған адам оның басына соққылар жұмсаған. Күдікті сот санкциясымен күзетпен ұстауға алынған, - деді Санжар Әділов.
baq.kz