24.02.2022, 11:43
Оқылды: 66

Кітапханашылар коворкинг орталығында кездесті

Таяуда «Қазына» коворкинг орталығында Теректі орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің семинар-кеңесі өтті. Жиында сөз алған кітапхана директоры Р.Болатова өткен жылы атқарылған жұмысты қорытындылап, алдағы уақытта жүзеге асуы тиіс істерді жіпке тізді. Одан әрі әдістеме-библиографиялық бөлімінің меңгерушісі А.Ряшева дәстүрлі түрде ұйымдастырылып жүрген мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің республикалық «Рухани қазына» фестивалі, «Бір ел — бір кітап» акциясы туралы сөз етті. Сондай-ақ 2022 жылдың бақылау көрсеткіштері анықталды.

C28AA8A7-DA57-4D13-9CE2-175DA42DADEA

Ал кітапхана процестерін автоматтандыру бөлімінің меңгерушісі А.Галкин ауыл кітапханашыларына бейнемонтаж бойынша шеберлік сағатын өткізді.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бастамасымен 2022 жыл Қазақстанда «Балалар жылы» болып жарияланғаны көпке мәлім. Осы орайда аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы  «Балалар жылында» өтетін іс-шаралардың жоспарымен таныстырды.

C7ED8320-2AE7-49E8-A440-860D4ACEE5D0

Кеңес барысында түрлі кітапханалық жобалармен жұмыстанған әріптестердің баяндамалары тыңдалып, бірқатар мәселелер қозғалды.

А.Ряшева,

Теректі орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

әдістемелік-библиографиялық бөлімінің меңгерушісі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале