1.03.2022, 11:00
Оқылды: 46

«Омикрон» штамы теріге түрлі бөртпелер шығаратыны анықталды

28 ақпанда Израильдің Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус індеті туралы жаңа мәліметтерді жариялады. Эпидемияның бесінші толқыны бәсеңдеуде, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.

210804120049560a3819849i

Жалпы, пандемия басталғаннан бері елде вирус жұқтырудың 3629390 дерегі анықталды. Кешеден бері 11 мыңға жуық жаңа инфекция тіркелді. Соңғы тәулікте 76722 тест жасалды. Оның 16%-нда коронавирус анықталды. 60 жастан асқан адамдардың көпшілігі толығымен вакцинацияланған және олардың арасында ауыр науқастардың үлесі екпе алмағандарға қарағанда әлдеқайда төмен.

Израильдің Денсаулық сақтау министрлігінің 28 ақпандағы мәліметі бойынша, коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы дозасын 6699011 адам (ел халқының 72%), екінші дозасын 6120423 адам (ел халқының 65%) алды. 4463439 адам үшінші дозаны салдырса (ел халқының 48%), төртінші дозаны 726859 адам алды (ел халқының 8%).

Пациенттерді бақылау барысында «омикрон» штамы терінің әртүрлі өзгерістерін жиі тудыратыны байқалды. Бұл туралы Г. Н. Габричевский атындағы Мәскеу эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу институты директорының клиникалық жұмыс жөніндегі орынбасары, медицина ғылымдарының докторы Татьяна Руженцова хабарлады.

Оның айтуынша, пациенттердің шамамен 5%-ында тері белгілері анықталған. Бұл бөртпелер әртүрлі: көзге дұрыс көрінбейтіндер, сондай-ақ айқын түрлері кездеседі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале