4.03.2022, 9:30
Оқылды: 78

Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі Жедел штабтың кезекті отырысы өтті

ҚР Премьер-Министрі Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штаб отырысын өткізді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

220118100235247e

Кеше ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті. Кеңес аясында экономиканың салалық бағыттары, көлік және логистика, контрагенттер арасындағы өзара есеп айырысу мәселелері, сондай-ақ отандық бизнестің басқа да мәселелері талқыланды.

Қазіргі уақытта ҚР Үкіметі «Атамекен» ҰКП-мен, АХҚО-мен және салалық бизнеспен бірлесіп, теріс әсерін басу үшін Қазақстан экономикасына нақты тәуекелдері мен ықпалы, сондай-ақ ықтимал қарсы шаралары қамтылған әлеуетті санкциялық сценарийдің есебін жүргізуде.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале