8.03.2022, 13:01
Оқылды: 39

Александр Герлиц: Бүгінгі жеңісімді қазақстандық аруларға арнаймын

2022 жылғы XIII қысқы Паралимпиада ойындарында пара биатлоннан түрегеп сырғанауда қола жүлде алған Александр Герлиц осы жетістігін қазақстандық нәзік жандардың құрметіне арнады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

220308130133123a3908648i

Айта кетсек, қазақстандық спортшы парабиатлоннан 10 шақырымға түрегеп сырғанауда мәре сызығын үшінші болып қиды. Еліміздің атынан аталған сайыста бақ сынаған жалғыз спортшы осылайша биылғы бәсекеде жүлдеге қол жеткізген алғашқы спортшы атанды.

Жарыстан кейін журналистерге бұрған сұхбатында бұл жеңісін қазақстандық нәзік жандардың мейрамына арнайтынын айтты.

«Барша қазақстандық әйел азаматтарды бүгінгі мерекесімен құттықтаймын. Жеңісімді сол аяулы жандардың құрметіне арнаймын», - деді Александр Герлиц.

Сондай-ақ, бүгін пара биатлоннан отырып сырғанауда Сергей Усольцев 14, Ербол Хамитов 16-орын алды.

Еске салсақ, XIII қысқы Паралимпиада ойындарында Қазақстан атынан Сергей Усольцев, Александр Герлиц, Ербол Хамитов, Денис Петренко мен Юрий Березин ел намысын қорғайды.

Енді қазақстандық спортшылар 11, 12, 13 наурыз күндері айтулы аламанда бақ сынайды.

Қысқы Паралимпиада 4 және 13 наурыз аралығында өткізіледі. Онда әлемнің 50 мемлекетінен келген 700-ге тарта спортшы бақ сынауда. Қазақстан атынан барған 5 параспортшы спорттың екі түрінен жарысқа қатысуда.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале