9.03.2022, 16:45
Оқылды: 44

Санкция: Байден АҚШ-та жанар-жағармайдың қымбаттайтынын айтты

Ресейге салынған санкцияларға байланысты АҚШ-та жанар-жағармай бағасы көтеріледі. Бұл туралы Ақ үйде АҚШ Президенті Джо Байден мәлімдеді. Бұл туралы TACC хабарлады.

s5MWdeouaxbIppI51CKNwDWHkLJhLZUw8qojnPDR

Журналистерге берген жауабында Президент америкалықтардың жанар-жағармай бағамына қатысты сұрағына жауап берді.

Жанар-жағармай бағасы өседі, - деп жауап берді Байден.

Сонымен қатар АҚШ президентінен мұндай жағдайда қандай әрекеттерге бару қажет екені де сұралды.

Енді біздің қолымыздан келетін нәрсе аз, жауапкершілік Ресейдің мойнында, - деді АҚШ басшысы.

baq.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале