10.03.2022, 17:20
Оқылды: 33

Доллардың 11 наурызға арналған ресми бағамы белгіленді

Ұлттық банк 11 наурызға арналған доллардың теңгеге шаққандағы ресми бағамын белгіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

5

Жұмада доллар бағамы 509,80 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 10 наурыздағы ресми бағамы 510 теңге болған еді. Ал рубльдің ресми бағамы - 4,29 теңге.

Айта кетейік, KASE биржасындағы күндізгі сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы - 509,80 теңге.

Kurs.kz деректері бойынша, қазір Алматының айырбас пункттерінде доллардың орташа бағамы - 513,28 теңге, сонымен қатар, 519 теңгеден сатылып жатыр. Нұр-Сұлтандағы айырбастау пункттерінде валютаны орташа есеппен 516 теңгеден сатып алып, 519 теңгеден сатып жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале