11.03.2022, 9:50
Оқылды: 49

Мажарстанда биылғы Түркі әлемі мәдени астанасының таныстырылымы өтті

HUNGEXPO халықаралық туристік жәрмеңкесінің аясында Будапештте 2022 жылғы Түркі әлемінің мәдени астанасы – Бурса қаласының таныстырылымы өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат Түркияның Анадолы агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

220310184402198e

Бурса муниципалитетінің ақпаратына сай, шараға ТҮРІКСОЙ-дың бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Түркі мемлекеттері ұйымының Мажарстандағы кеңсесінің атқарушы директоры Янош Ховари, Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің елшілері мен өкілдері, сонымен қатар биылғы Түркі әлемінің мәдени астанасының үйлестірушісі, Bursa Kültür A.Ş. бас директоры Фетуллах Бингуль және Бурса муниципалитетінің өкілдері қатысты.

Шараның ашылуында Мажарстанның сыртқы істер және сыртқы сауда министрі Петер Сийярто сөз сөйледі.

Ұйымдастырушылар Мысырлық делегацияны құрметті қонақ ретінде қарсы алды.

Бурса муниципалитетінің жанындағы туризм жөніндегі үйлестіруші Аныл Байык қаланың көрнекті жерлері туралы айтып берді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале