16.04.2016, 17:59
Оқылды: 23

Биыл Орал қаласынан Зеленов ауданының орталығы Переметный ауылына дейінгі жол пайдалануға берілмек

 0222    Бүгін облыс әкімі Алтай Көлгінов «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында іске асып жатырған Орал-Тасқала бағытындағы тас жолдың күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.


     Бас мердігер жол салу саласында 8 жылдан аса тәжірибесі бар «Uniserv» компаниясы. Биыл көктемнің ерте шығуына орай жұмысын ертерек бастаған компания Орал қаласынан бағыт алған тас жолдың Зеленов ауданының орталығы Переметный ауылына дейінгі бөлігін толықтай күрделі жөндеу жұмысын аяқтауды көздеп отыр. Бұл нысанға 400-дей адам, 60 шақты техника жұмылдырған. Жолдың күрделі жөндеу жұмысымен танысып болғасын облыс басшысы жергілікті БАҚ өкілдеріне сұқбат берді.

      -Бүгін біз әріптестерімізбен Орал-Тасқала бағытындағы жолдың күрделі жөндеу жұмыстарын көруге келдік. Елбасының тапсырмасы бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасынан 5 млрд. 500 млн. теңге бөлінді. Биыл қаржы толық игерілетін болады. Бұл бағыттағы жолдың ені 6 метр болса, күрделі жөндеуден кейін 9 метрге дейін кеңейтіледі. Ол өте маңызды. Себебі бұл бағытта транзиттік көлік өте көп жүреді. Бұл Ресей мен Қазақстанның транзиттік жолын қамтасыз ететін трасса. Сонымен қатар жолдың негізгі бөлігі де жақсылап бекітілетін болады. Ол 64 сантиметрді құрайды. Ол жолдың сапасын едәуір жақсартып, пайдалану мерзімін ұзартады деген сенімдеміз.

     Ал, өңірімізде жалпы ұзындығы 6500 шақырым жол болса, соның 1400-дей шақырымы республикалық маңызы бар жолдар. Қалғаны облыстық және аудандық маңызы бар жолдар. Биыл республикалық маңызы бар жолдардың 100 шақырымын күрделі жөндеуден өткізетін боламыз. Ол осы Зеленов, Тасқала, Қазталов, Қаратөбе, Бөрлі аудандарындағы облыстық және аудандық маңызы бар жолдар. Облыс орталығында 20 шақырымды құрайтын 14 көше жолдары күрделі жөндеуден өтеді. Қазір біздер келесі жылдың жоспарын бекітудеміз. Тиісті құжаттама дайындалуда. Бюджет бекітілгеннен кейін тағы хабардар ететін боламыз, –деді өңір басшысы тілшілерге берген сұxбатында.

     Былтыр күрделі жөндеу жұмысы басталған Орал-Тасқала тас жолының құрылысын 2018 жылы тапсырылу жоспарланған. Аталмыш құрылыс компаниясы тас жол құрылысына 5 жыл кепілдік беріп, жолға қызмет ететін болады.

     Жол құрылысына қолданылып жатырған құрылыс материалдардың барлығы елімізде дайындалған. Өңір басшысы мердігер компания басшысына бастысы сапаға көп көңіл бөлу керектігін тапсырды.

www.zhaikpress.kz

Әділғазы КЕРЕЕВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале