16.03.2022, 12:45
Оқылды: 21

Өлім жазасын түпкілікті жою үшін Конституцияға өзгеріс енгізу керек – Президент

Өлім жазасын жою шешімін түпкілікті бекіту үшін Конституцияға тиісті өзгерістер енгізу керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

210108143646241e

«Менің азаматтардың негізгі құқықтарын қорғауға ерекше назар аударатынымды білесіздер. 2020 жылы біздің еліміз өлім жазасының күшін жоюды көздейтін азаматтық-саяси құқықтар туралы екінші факультативті хаттамаға қосылды. Өткен жылы мен осы саланы ұзақ мерзімді және кешенді дамытуға бағытталған Адам құқықтары саласындағы әрі қарайғы шаралар туралы Жарлыққа қол қойдым. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің қатысуымен басқа да бірқатар прогрессивті бастамалар іске асырылды. Алайда, құқық қорғау проблематикасы үнемі жетілдіруді талап етеді. Өлім жазасын жою туралы шешімді түпкілікті бекіту үшін Конституцияға тиісті өзгерістер енгізу керек деп санаймын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Конституциялық сот құруды ұсынған еді. Онда Бас прокурор мен Адам құқығы жөніндегі уәкілге де Конституциялық сотқа жүгіну мүмкіндігін беруді ұсынды.

Сонымен бірге, Президент азаптаумен байланысты қылмыстарды Бас прокуратураға жүктеуді ұсынды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале