18.03.2022, 23:35
Оқылды: 104

"AMANAT" партиясының актив отырысы

Бүгін аудан орталығында Талғат Дарғожиевтің төрағалығымен "AMANAT" партиясы Сырым аудандық филиалының актив отырысы өтті.

IMG-20220318-WA0218

Жиынға аудан әкімі Төлеген Төреғалиев, саяси кеңес мүшелері, саяси кеңестің бюро мүшелері, депутаттар, мекеме, бөлім басшылары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары қатысты.

Күн тәртібінде кешегі өткен мемлекет басшысының "Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы" атты халыққа Жолдауы талқыланды.

Аталмыш партияның атқарушы хатшысы Т.Дарғожиев өз баяндамасында, "Еліміздің әкімшілік аумақтық құрылымына өзгеріс енгелі отыр. Осы орайда елімізде үш бірдей жаңа облыстың пайда болуы өңірлердің дамуына тың серпін берері сөзсіз",- десе, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Досжан Тайшиев БАҚ саласындағы басымдық, еркіндік жөнінде айтты.

Одан бөлек, Алғабас ауылының тұрғыны, партия мүшесі Аманбай Хамидуллин Жолдауда айтылған өзекті мәселелерге тек ресми тұрғыдан емес, адамгершілік турасында қарауға шақырды.

Отырысты аудан әкімі Т.Серікқалиұлы қорытындылады.

 

А.Бауыржанқызы, 

Сырым ауданы, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале