21.03.2022, 12:20
Оқылды: 122

Наурыз - мейірім мерекесі

Наурыз тек той тойлап, қызық қуу ғана емес. Бұл мерекеде ел ауыл ақсақалдарының батасын алып, ел амандығына дұға етеді. Мұқтажға көмек көрсетіп, жетім-жесірге қорған болады.

IMG_20220321_110508_790

Соны ескерген Белес ауылдық округінің жастары ауылда тұратын жалғызбасты қариялар мен кейуаналарға көмек көрсетіп, Көрісу мейрамынан кейін болған боран салдарынан ауласын басқан қардан тазартты. "Ардагерлерді ардақтайық" акциясы аясында өткен игі іске ауыл жастары түгел атсалысты.

- Наурыз - мейірімділік мерекесі. Осы бір ұлы күн қарсаңында игі іске жұмылған белестік жастардың жақсылығы көпке үлгі, - дейді аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық басшысы Жанар Губашева.

Ұлыстың ұлы күні алдында жастардың жанашырлығын сезінген ауыл үлкендері қамқорлық танытқан жастарға ақ батасын беріп, ел тыныштығы мәңгі болсын деген тілектерін білдірді.

 

Түгелбай Бисен, 

Бәйтерек ауданы, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале