24.03.2022, 12:20
Оқылды: 41

Экспорттаушылардың шығындарын өтеуге өтінім қабылдана бастады

Елімізде экспорттаушылардың шығынын өтеуге өтінім қабылдау басталды. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

CF544BCA-5BC7-407F-8662-56A64DCA4DE0

«QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің отандық өңделген тауарлар мен ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету жөніндегі операторы 24 наурыз сағат 9.00-ден 24 сәуір сағат 17.00-ге дейін шығындардың бір бөлігін өтеуге өтінім қабылдау басталғанын хабарлайды», - делінген ведомство ақпаратында.

Министрлік мәліметінше, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне шығындардың бір бөлігін өтеу (шарттары мен тетігі, оның ішінде өтінім нысаны және оған қоса берілетін құжаттар) ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1128 бұйрығымен бекітілген Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Анықтама телефоны: 8(7172)768511, 8(7172)768588.

Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік қолдау шараларын алу тәртібі туралы толық ақпарат веб-порталда жарияланған.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале