24.03.2022, 17:01
Оқылды: 22

Тоқаев паралимпиадашы Герлиц пен екі жаттықтырушыны мемлекеттік наградалармен марапаттады

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев XIII Қысқы Паралимпиада ойындарындағы аса үздік спорттық жетістіктері үшін бірқатар спортшыларды наградтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

d603792b466144218f03366c4ed240e0

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

Бейжің қаласындағы (Қытай Халық Республикасы) XIII Қысқы Паралимпиада ойындарындағы аса үздік спорттық жетістіктері үшін наградталсын:

«Құрмет» орденімен

Герлиц Александр Александрович - «Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиадалық комитеті» ҚБ спортшыcы

Жданович Антон Владимирович - «Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиадалық комитеті» ҚБ аға жаттықтырушысы

Коломиец Василий Сергеевич - «Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиадалық комитеті» ҚБ бас жаттықтырушысы.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале