24.03.2022, 18:51
Оқылды: 18

Оң өзгерістердің бастауы

16 наурыз күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдау жасады. Оң өзгерістер мен батыл қадамдарға, нақты іс-әркеттерге негізделген Жолдау жайында әртүрлі сала өкілдері ойларын білдірді.

Зара Жәрдемова, Жаңақала аудандық мәслихат депутаты:

676eb429-fbcd-4c66-b379-cbdccf14a977
- ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы «Жаңа Қазақстан» қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын бірнеше саяси реформалар мен халықтың әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін өзгерістер мен міндеттерін өз Жолдауында жариялады.
Аумалы-төкпелі кезеңде ең бастысы – елдегі тұрақтылық пен ауызбіршілік. Бірлік болмай, тірлік болмайтыны санасы қалыптасқан адамға белгілі.
Елімізде саяси жүйелер мен әкімшілік аумақтық құрылымдарына өзгерістер енгізу қажеттігін, Конституцияның 30-дан астам бабына өзгерістер енгізу және бірнеше заңдар қабылданатыны айтылды. Сонымен қатар кез келген адам президенттікке сайланған кезде өз туыстарының мемлекеттік билік құрылымдары мен квазисекторларда қызмет атқармауы тиіс екендігі, Президент өкілеттілігі кезеңінде өзінің партия мүшелігін тоқтатуы туралы айтты. Бұның өзі барлық партиялардың тең дәрежеде қатар дамуына ықпалын тигізеді.
Алға қойылған мақсаттар тек сөз жүзінде қалмай, ұрпақ болашағы үшін әр адам өз ісіне адал, жауапкершілікпен қарап, өз үлесін қосса ғана жүзеге асады дегім келеді.

Закария Сисенғали, Қазақстан Жазушылар және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі:

"Басты мақсат – бірлігімізді бекемдеу"  

 

ebf17050-58d6-4243-a12e-e88908726088
-Ел Президенті халықтың көкейінде жүрген көптеген мәселелерді қозғап, түбегейлі шешімін табатын ұсыныстар енгізді.
Әсіресе, саяси партияларды тіркеуге берілетін жеңілдіктер, өкілетті органдардың құзіретін кеңейту жөніндегі батыл шешімдер сөз жоқ елді демократияландыру бағытындағы сындарлы әрекеттер екеніне күмән жоқ.
Еліміздегі тарихи өңірлердің қайта қалпына келтірілуін әділеттіліктің салтанат құруы деп бағалағанымыз жөн.
Ендігі міндетіміз – кез келген қаңқу сөздерге, әсіре белсенділердің ықпалына ермей, бірлігімізді бекемдеу. Президенттің айналасына тығыз топтасып, жарқын болашаққа нық қадам басу.
Осы жолда бір болайық, ағайын.

 Әлібек Лұқпанов, Жаңақазан ауылдық округінің әкімі: 

"Алдағы күннен үміт зор"

70911992-7d9b-4cc0-b345-f4caa1d7f15c
-Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл Жолдауы Қазақстанның саяси жүйесінің дамуына тың серпілістер әкеледі деп сеніммен айтуға болады.
Жолдауда саяси партиялар, мемлекеттің саяси дамуы, қазіргі ахуалдан шығу бағыттары мен Парламент, мәслихат жұмыстарына қатысты нақты идеялар айтылды.
Жаңа Қазақстан жолы  түрлі оқиғалардан кейін жаңа трансформациялардан өтіп, жаңа бастамаларға жол ашуы тиіс деп есептеймін.
Президент Жолдаудың соңында Қазақстан тек өзімізге ғана керек, ол үшін алдымен әрбір адам алдымен өзі өзгеруі тиіс деп үлкен оймен аяқтағаны мен үшін ерекше болды.
Өз кезегінде, біз Президенттің Жолдауда айтылған бастамаларын қолдауға әрқашан дайынбыз.

 Нұржан Бекқалиев, Жаңақала мектеп-гимназиясының директоры:

"Жаңа Қазақстанның жарқын болашағына жасалған алғашқы қадам"

28e2baa4-f091-4978-b354-aa9e4c4d5387
-Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» тақырыбындағы Қазақстан халқына Жолдауын ұсынған болатын. Бүгінгі Жолдаудың негізгі мақсаты – Жаңа Қазақстанды құрудағы нақты қадамдар.
Жолдаудың басында еліміз «Қаңтар оқиғасынан» еліміздің бірлігі мен ынтымағы, нақты шешімдерді қабылдау арқасында шыққаны айтылды.
Мемлекет басшысы еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасын ұсынды. Бұл құжат, ең алдымен, қоғамның қажеттілігіне және сұранысына негізделген. Елімізде жасалып жатқан реформалардың қағаз жүзінде емес, іс жүзінде іске асырылатындығы сөз болды. Мемлекетті басқаруда суперпрезиденттік үлгісінен мықты Парламенті бар президенттік республикаға біржола көшуі туралы айтты.
«Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидасына сай алдағы уақытқа келесідей стратегиялық бастамаларды ұсынды.
Мемлекет басшысы өзі бастап және әкімдер мен олардың орынбасарлары нақты бір партияның құрамында болмауға шақырды. Бұл дегеніміз партиялардың арасында тең құқықты беру және барлық партия өкілдерінің пікірлері бірдей деңгейде қаралатындығын білдіреді. Президенттің өкілеттігі біртіндеп қысқарып, Парламенттің рөлі артатындығы айтылды. Халық сайлаған депутаттарға жоғары жауапкершілік жүктеледі. Еліміздегі жүргізіліп жатқан жобалар мен бағдарламалардың толықтай орындалмай отырғандығын ескере отырып, Парламентке республикалық бюджеттің сапалы орындалуына бақылауды күшейтуді тапсырды. Еліміздегі сайлау жүйесі аралас форматқа ауысатындығы айтылды. Партиялардағы тіркеу шегі 4 есеге – 20 мыңнан 5 мыңға азайтылды. Өңірлерде өкілдер саны 600-ден 200 адамға төмендетілді. Бұқаралық ақпарат құралдары бәсекеге қабілетті және еркін болуға шақырды. Еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымын ескере отырып, Семей аймағында Абай облысын құруды, Жезқазған облысы аумағында Ұлытау облысын құруды, Алматы облысын екіге бөліп, Жетісу және Алматы облыстарын құруды ұсынды. Әкімшілік-аумақтық өзгерістер мемлекеттік басқару үдерісін жеңілдетеді. Жұрттың облыс орталығына барыс-келісін оңайлататындығын атап өтті. Жергілікті өзін-өзі басқарудың мықты жүйесі азаматтардың өзі тұратын жердегі тұрмыс сапасын жақсартуға тікелей қатысуына негіз болатындығын, әрбір қазақстандықтың өз қаласы, ауданы мен ауылына деген жауапкершілікті мойнына алуға қашанда дайын екендігін, оларға қолдарынан келетін өкілеттіктерді беру қажеттігіне тоқталды.
Сонымен қатар мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елімізді ең алдымен, ауызбіршілікке шақырды. Келешегіміз кемел боларына және жарқын болашақты өз қолымызбен жасай алатынымызға сенім білдірді.
Бүгінгі Жолдаудың саяси тұрғыдан нақты шешімдер қабылданғандығын көруге болады. Бұл бастамалардың көлемі ауқымды, мақсаты айқын. Жаңа Қазақстан – жаңару мен жаңғыру жолы, бүгінгі буынның болашақ ұрпаққа аманаты. Біз мемлекет басшысының ұстанған саясатын қолдай отырып, Жаңа Қазақстанды құруға әзірміз. Ол үшін әрбір атқарылатын жұмыстардың сөзбен емес, іспен дәлелденіп, жұмыстардың сапалы орындалатындығын баса назарда ұстаймыз. Еліміздің болашағы жарқын, мәртебесі биік болсын!

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале