28.03.2022, 17:00
Оқылды: 48

Telegram-да 400-ден астам чатта есірткі сатылып келген

ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов есірткінің интернеттегі саудасына қарсы іс-шаралар туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

200225083513208e

«Интернет-технологияның дамуымен бірге қылмыстық әлемнің әдістері де өзгеріп келеді. Есірткі сатушылар заңсыз айналымға көп адамдарды тарту үшін интернет-ресурстар арқылы бос жұмыс орындары мен жұмыс ұсыныстары туралы хабарландыру береді», - деді Бақытжан Әмірханов ҚР ІІМ онлайн-брифингінде.

Спикердің айтуынша, ірі қызметтердің бірінде 50-ден астам жарнама жойылды, онда есірткі бөліктерін қала ішінде тасымалдау үшін курьерлік жұмыстар ұсынылған. «Telegram» серверінің қазақстандық әкімшісімен жүргізілген жұмыс қорытындысы бойынша есірткіні жасырын сатумен айналысатын 440 чат анықталды. Жыл басынан бері «Киберқадағалау» ақпараттық жүйесі арқылы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 440 интернет-ресурстың мекенжайы анықталып, бұғаттауға жіберілді.

«Ішкі істер министрлігі азаматтарды аса мұқият болуға шақырады, жұмыс сипатын тексермей, сайт әкімшісі, курьер жұмысы туралы ұсыныстарды қабылдамау керек. Алайда, мұндай «жұмыс берушілер» бірден жұмыстың заңды емес екенін айтады және жоғары жалақымен және кез келген уақытта бизнестен шығу мүмкіндігімен қызықтырады. Көп жағдайда дәл осы есіркті жасырушылар мен наркокурьерлер полицияға ұсталады, оларды сот ұзақ жылдарға бас бостандығынан айырады», - деді Бақытжан Әмірханов.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале