ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы Бақытжан қажы Құралбайұлы «Орал» орталық мешітіндегі тарауих намазына қатысып, жамағатты қасиетті айдың келуімен құттықтады.
Баршамызды тарауық намазымен қауыштырып, осы күнге жеткізген Жаратушы Аллаға шүкірлік айтып, Рамазан айын сауапқа толы болсын! Айлардың сұлтаны болған Рамазанның қадір-қасиетіне тоқталып, жамағатты бірлік пен ынтымаққа шақырды.
Сондай-ақ Орал орталық мешітінде отыз күн оразада Құран хатым етіп, тарауық намазын өткізетін қариды жамағатқа таныстырды. Биылғы Рамазан айында тарауық намазын Шымкент қаласының тумасы, «Ықылас» қарилар орталығының шәкірті Абдулазиз Исаұлы Файзулла өткізеді. Ақжайық төрінен осындай жас қарилар шығуын тіледі.
Қала, аудан орталық мешіттеріне қарилар келді. Алланың үйінде толық Құран хатым шығаратын болады. Рамазан айы құтты болсын!
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі