5.04.2022, 9:30
Оқылды: 59

Бес ауылда мешіт салынбақ

«Қасиетті Рамазан – татулық пен береке айы» атауымен Теректі ауданындағы «Бірлік» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен рухани кеш өтті. 

IMG-20220404-WA0107

Фотосурет: islam-oral.kz

Жиынға Федоров және Подстепный ауылдарының тұрғындары қатысты. Іс-шарада Теректі ауданының әкімі Тілек Габдушев жиналғандарды күллі мұсылман қауымы асыға күтетін айлардың сұлтаны – Рамазан айының басталуымен құттықтады. Аудан басшысы алдағы уақытта Ақсуат, Сарыөмір, Жаңаөмір, Подстепный және Федоров ауылдарында мешіт салынатынын айтып, сүйінші хабарын жеткізді. Содан соң аудандық мешіттің бас имамы Еркінбек Ебелекқажиев Рамазан айында уақытты тиімді пайдалану үшін Құран кітабын оқып үйренуге, сауат ашуға шақырды. Теолог маман Анар Демеутова да оразаның пайдасы туралы құнды мәліметтермен  бөлісті.

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале