5.04.2022, 17:45
Оқылды: 66

Әкімдік ауызашар берді

Рамазан айының алғашқы ауызашарын Бөкей ордасы ауданы әкімдігі мен "Шапағат нұры" діни бірлестік қаржыландырып, аудандық мешітте ниет еткен жамағатқа дастархан жайды.

ӘКІМДІК АУЫЗАШАР БЕРДІ 3

Ақшам намазы оқылып, жамағат сумен ауыз ашып, дастарханға жайғасқан соң аудан имамы Қуандық Насыров оразаның қасиетін паш етті. Оразаның парызы: ниет, уақыт және нәпсі қалауынан тыйылу екенін баса айтып, соңғысының барлық нәрседен тыйылу, яғни құлағымызбен жаман сөз естімей, ауызбен жаман сөз айтпау, оразада жамандықтан аулақ жүріп, оны ғибратты өткізу екенін мәлімдеді. Қасиетті Рамазанда ерекше саналатын Қадір түнінің сауабы 1000 айға тең, яғни 83 жылға тең сауабы жазылатынын да жеткізді. Ораза – тозаққа қалқан болар, ғибадаты мол, сауабы төгілетін ерек ай, айлардың сұлтаны деді ол өз сөзінде.

ӘКІМДІК АУЫЗАШАР БЕРДІ 1

Дастархан басында үлкендердің атынан Тілеген Арыстанбеков игі тілегін айтып, Рамазанның, бабаларымыздың мұсылмандықтың парызы саналатын оразаны ықылым заманнан ұстап келгендігі жөнінде аудан имамымен бірге Мұратхан Нәбиғалиев те тілге тиек етті. Аудан әкімі Нұрлыбек Даумов да күллі мұсылман қауымды осынау қасиетті мерекемен құттықтап, ниет етіп, дұға қылғандардың тілектері орындалсын деді. Осы отырыс барысында оразаға қатысты сұрақ-жауап ұйымдастырылып, дұрыс жауапқа естелік сыйлықтар берілді.

Раушан Жанатқызы,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале