7.04.2022, 17:45
Оқылды: 58

Аурухана қызметкерлері денсаулықты дәріптеді

7 сәуір - Денсаулық күніне орай Сырым аудандық ауруханасының ұйымдастыруымен бүгінгі күнін аурухана қызметкерлері жаппай таңғы жаттығумен шұғылданудан бастады. Медбикелер аудан тұрғындарының қан қысымын өлшеді.

26

Аудан орталығынан бөлек аталмыш жаттығулар мен қан қысымын өлшеу шаралары барлық ауылдық округтерде қамтылды.

28

- Бүгін Алғабас ауылы тұрғындарының денсаулығын қарауға аудан орталығынан окулист, хирург, кардиолог, лаборант мамандар арнайылап барса, жоспар бойынша жыл бойы барлық ауыл тұрғындарының денсаулығы назарда болмақ. Аталмыш шараға ақ халатты абзал жандардан бөлек аудандық мектеп-лицейдің оқушылары да өз үлесін қосты. Халық саулығы тек Денсаулық күнінде ғана емес, күнделікті өмірде де салауатты өмір салтын ұстануымыз шарт,- дейді аудандық аурухананың бас медбикесі Әсел Қалбаева.

27

Айжан Бауыржанқызы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале