11.04.2022, 14:45
Оқылды: 27

Ұлттық сараптама орталығы «Оқушыларды кәсіптік бағдарлау бойынша Ашық есік күнін» ұйымдастырды

2022 жылғы 8 сәуірде Батыс Қазақстан облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалы «Ашық есік күні» жобасы аясында Орал қаласының жалпы білім беретін мектептерінің өкілдерімен кездесу өткізді.

33

Болашақ зертханалық мамандарды кәсіби бағдарлау мақсатында жоғары сынып оқушылары үшін «Шағын зертхана» жобасын енгізу тақырыбы талқыланды. Сонымен қатар, бұл жоба бастауыш сынып оқушылары арасында ғылыми-танымдық дағдыларды оқыту мақсатында іске асырылуы көзделген.

32

Орал қаласының 48 жалпы білім беретін мектебі қатысты. Бұл тақырып жалпы білім беретін мектептердің директорлары мен мұғалімдерін қызықтырды, өзара ынтымақтастыққа келісім құрылды.

34

Ж. Нурманова,

«Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК

БҚО бойынша филиалының директоры

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале