Сырым аудандық мешіті жергілікті жамағатпен бірлесіп, Рамазан айының құрметіне бірқатар игілікті істерді атқаруда. Орталық мешіттің жанынан күн сайын 50 адамға ауызашар беріліп, еріктілер Рамазан дәмдерін тұрғындардың үйіне жеткізуде.
Бүгіннен бастап Жымпитыдағы ескі мешіттің ауласында халыққа тегін нан таратылып жатыр. Қайырлы бастама ай бойына жалғасады.
Бұдан бөлек, Алланың үйлерінде шариға сауатымды шыңдаймын, оқып - ізденемін дегендер үшін имамдар мен Орал медресесінің шәкірттері дәріс беруге дайын.
Күн сайынғы тарауих намазында қызылордалық хафиз Махмут Абжаппар Құранды Хатым етуде.
«Сырым елі»