20.04.2022, 10:30
Оқылды: 67

Жаңа тағайындау

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 19 бабына,​ 27-бабының 5-тармағына сәйкес Казталов ауданы әкімінің 2022 жылғы 19 сәуірдегі №55-ө өкімімен Казталов ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы лауазымына Нұрлыбек Жұмабекұлы Хайруллин қабылданды.

1

Аудандық құрылыс бөлімінің ұжымына жаңа басшыны Казталов ауданының əкімі Рүстем Зұлқашев таныстырып, Нұрлыбек Жұмабекұлының алдағы жұмысына сəттілік тіледі.
Нұрлыбек Жұмабекұлы Хайруллин 1990 жылы Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Казталов ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2010 жылы ғимараттар мен үймәрттерді салу және пайдалану мамандығы бойынша мемлекеттік Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжін және 2013 жылы құрылыс мамандығы бойынша Жәңгір хан атындағы ​Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін ​ бітірген.

2

​Еңбек жолын 2012 жылы ​Казталов ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің уақытша іс-жүргізушісі қызметінен бастады.

2012-2014 жылдары - Казталов ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы;

2014 жылы – Атырау облысы Жылыой ауданы «Ариадна» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мастері;

2015-2020 жылдары - Казталов ауданы «Қуан Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры;

2020 жылдан осы күнге дейін Казталов ауданы Казталов мемлекеттік коммуналдық шаруашылық құқығындағы кәсіпорнын директоры қызметін атқарып келді.

Жанұялы, отбасында жұбайы, бір қызы және үш ұлы бар.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале