20.04.2022, 14:30
Оқылды: 46

Қазақстан мен Ресей арасында қатынайтын тағы бес пойыз қосылады

2022 жылғы маусымда Қазақстан мен Ресей арасында тағы бес пойыз жүре бастайды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі "Ресей темір жолдарына" сілтеме жасап.

001

Маусымда мына бағыттар бойынша бес пойызды іске қосу жоспарланған:

- № 7/8 Алматы - Саратов;

- №84/83 Қарағанды - Самара;

- № 301/302 Алматы - Новосибирск;

- №145/146 Қарағанды - Омбы;

- № 113/114 Алматы - Қазан.

Бұл пойыздарға билеттер сату жақын арада ашылады. Билеттерді жөнелтуге дейін 45 күн бұрын сатып алуға болады.

Пойыздардың жүру кестесін толығырақ "Ресей темір жолдары" ААҚ ресми сайтында "Халықаралық қатынас" бөлімінен көруге болады.

Бұған дейін Атырау мен Астрахань арасындағы халықаралық жолаушылар пойызы 20 сәуірден бастап қайта жүретіні хабарланған болатын. Бұл бағыт бойынша билеттер ҚТЖ сайтында жолаушыларға қолжетімді. Плацкарт билетінің бағасы - 13 887 теңгеден бастап және купе үшін 21 029 теңгеден бастап сатылады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале